
Бұл қызметке белгілі журналист тағайындалды.
Қасымов Азамат Әбілұлы 1985 жылы Семей облысы , Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Журналистика" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласындағы "Алматы ақшамы" газетінде тілші болып бастаған.
2009-2017 жылдары – "Шығыс Ақпарат" ҚМК қарасты Шығыс Қазақстан облыстық "Дидар" газетінде тілші, шолушы, руханият бөлімінің меңгерушісі, бас редактордың орынбасары.
2017-2020 жылдары — республикалық "Егемен Қазақстан" газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі.
2020-2021 жылдары — "Қазақстан" РТРК" АҚ Шығыс Қазақстан облысы филиалының қазақ редакциясының шеф-редакторы.
2021-2022 жылдары — республикалық "Айқын" газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі.
2022-2024 жылдары — "Хабар агенттігі" АҚ Шығыс Қазақстан және Абай облыстарындағы меншікті тілшісі.
2024-2025 жылдары — Абай облысы әкімінің кеңесшісі.
Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі