Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысы кезінде цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Асхат Оразбек хабарлады.
Жиында осы мәселе қамтылған заң жобасы талқыланған еді. Әріптесім Оңғар Алпысбайұлы тікелей эфирге қосылып түсіндіріп берсін.
Бұған дейін цифрландыру мәселесі қаралған заң жобасы мәжіліс депутаттарының сүзгісінен өткен еді. Жалпы, бұл құжатқа бастамашылық еткен де осы мәжіліс депутаттары. Негізгі 6 өзгеріс қарастырылып отыр. Әуелгісі инфрақұрылымды дамыту, бәсекелестікті және инвестициялық тартымдылықты арттыру. Яғни, байланыс операторлары қажетті жүйесін, сымдарын кедергісіз тартуға мүмкіндік алды.
Ал бәсекелестікті дамыту арқылы байланыстың сапасын арттырып, құнын арзандату көзделіп отыр. Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде халықты жылдам хабарландыру мәселесі де осы заң жобасында қамтылған. Одан бөлек, интернет алаяқтармен күрес, нәресте дүниеге келе сала ЖСН нөмір тағайындау мәселелері де бар құжатта.
Жалпы бұған дейін мемлекет басшысы қазақстанды ІТ хаб ретінде дамыту мәселесін қойғаны белгілі. Құжат осы мақсатқа жету үшін жағдай жасайды. 2023 жылы байларыс саласында 1,2 трлн теңгенің қызметі көрсетілген. Оның тең жартысы интернетке тиесілі. Халық арасында ғаламторды пайдаланатындар саны да өте қарқынды көбейіп келеді.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша халықтың 88 пайызы цифрлық сауатты. Сондықтан бұл заң жобасы аса маңызды деді депутаттар. Депутаттар құжатты бірден екі оқылымда қарап, қабылдады.
Сурет: ашық дереккөздерден