Семейлік ұстаз "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын президент қолынан алды

Президент Республика күніне орай мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар табыстады.

Республика күні қарсаңында өз кәсібіне берілген, шығармашыл, үлкен абырой-беделге ие болған тәжірибелі, үздік маманға Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені табысталды.

Алма Сайдахметовна №7 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде 1983 жылғы 1 қыркүйектен бастап математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. 51 жыл бойы үздіксіз ұстаздық қызметін атқарып келеді.

Ұжым мен оқушылар құрметті ұстазды лайықты марапатымен құттықтады.

"Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған Семейлік Алма Шүкежанова бүгін Астана қаласынан марапатымен оралды.

Қадірлі ұстазды Білім басқармасының өкілдері және мектеп ұжымы, шәкірттері зор ықыласпен күтіп алды. Үлкен өмірге талай шәкірттерді шыңдаған, жанға шабыт бітіріп, қаламға қанат байлатқан ұстаз еңбегі үлкен марапатпен өлшенгеніне педагог ұжымының алғысы шексіз.

Ал Семей қаласының бұрынғы әкімі Мейрамхат Кәрібекұлы Айнабеков “Барыс “ ||| данқ Орденімен марапатталды. Сондай-ақ, Әмре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның директоры Айбек Серікболсынұлы Бекбосынов "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын алды.

Сурет: akorda.kz, Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі