Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі денсаулығы сыр бергенін мәлімдеді. |
Блогер толық медициналық тексерістен өту үшін Стамбулға арнайы барған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Неден бастарымды білмей тұрмын, бірақ бөліскім келіп тұр. Бәрін толық айта алмасам да шет жағасын біліп жүріңіздер. Неге тек қуанышты сәттермен бөлісе беремін дедім өзіме...Сіздер менің екінші отбасым, қашан да қолдайсыздар, бірге қуанасыздар, бірге көп сәттерді бастан өткізіп келеміз. Қазір де кішігірім сынақтан өтудемін. Алланың мейірімі сондай шексіз, не болса да қабылдаймын.
Онкология бойынша диагностикаға келдім. Елде ешкім ештеңе нақты айта алмады, бірақ өзгерістер бар екен. Нейроэндокринная опухольға күдік бар, тексерілу керек деді. Аздап мән бермей жүрген едім, Дархан жай қалдыруға болмайды деп қатты кірісті. Тіпті маған айтпай Стамбулға билет алып қойыпты. Жақындарыма ештеңе білдірмей жүрдім уайымдамасын деп. Бірақ іштей неше түрлі сезім, түрлі ойлар... Оған қоса тағы бір жайт жүрегімді езіп жіберді. Барлығы мені қолдады. Жанымда осындай жандар болғаны үшін Жаратқанға шүкіршілік айтамын. Неге бастапқыда жақындарым сонша уайымдағанын түсінбедім, себебі не дерт екенін білмедім", — деп жазды ол.
Ол ең үздік дәрігер мен клиниканы тауып берген ағасы мен жеңгесіне алғысын да айтты.
"Ағам мен жеңгем ең мықты клиниканы, мендегі проблема бойынша әлемдегі мықты онкологты тауып берді. Алла разы болсын сіздерге. Елде тексерілеміз деп қанша күн сандалдық. Бұлай болмайды деп, Дархан барлық жолдарын іздестірді. Жарыма шексіз ризамын, маған білдірмей көңілі босап қалғанын байқап жүрмін. Злокачественный немесе доброкачественный екенін барлық тексерістен соң біле аламыз деді. Шамамен 3-4 күн керек екен нәтижелерге. Кішкене шокта жүрімін, бұның бәрі менімен болып жатпаған секілді сезім. Басында да түк елемедім.
Бірақ бір нәрсе, Алланың шексіз мейірімін сезінудемін. Себебі клиника да, врач та бірнеше күнде табылып ұша келдік. Бәрі Оның жоспарымен болып жатыр да.
Қан мен биопсия анализ нәтижелерін салыстырады", — деп жазды Фариза Төреәлі.