«Ақ жол» партиясның төрағасы Азат Перуашев соңғы кездері еліміз туралы, қазақтар туралы жалған пікір білдіріп жүрген ресейлік танымал адамдарға жауап беріп, Caravan.kz порталының тілшісіне сұхбат берді. |
- Ресейлік тарихшы Михаил Смолин “Қазақтар болмаған” деген пікір білдірді. Оған берер жауабыңыз бар ма?
- Қазақ деген сөз, қазақ деген термин, қазақ деген ұғым не? Қазақ деген ол еркін, азат ел. Ешкімнің алдына бас имейтін, өз тәуелсіздігін ерекше биік ұстайтын халықтың аты. Иә, бұл ұғым, бұл термин 15 ғасырда саяси сахнаға шыққан. Бірақ оған дейін де пайда болған. Шыңғыс кезінде, оған дейін де. Рим папасы моңғол хандарға барған кезінде “қазақ жерінен өттік” деп айтты. Жақында ғана біздің тарихшыларымыз тіпті өзімізде емес, көрші елдерде емес, Еуропада, Америкада тапқан көне карталарда өз жеріміздің сол калтарларда “Сassakia” деп көрсетілген. Сондықтар “қазақтар болмаған” деген әңгіме ол алаяқтық. Ол өтірік және халықтар арасында арандатушылық жасау үшін әдейі айтылып отырған әңгіме. Әрине онымен келісуге болмайды. Қазақ ұғымына дейін біздің еліміз түрлі жүздерден, рулардан тұратыны баршаға мәлім. Өзіміздің Керей, Дулат, Найман, Албан, Адай секілді рулар “Қазақ” атауына дейін пайда болған. Бұл көне аттарымыз. Тіпті ол кезде Ресей деген сөз болмаған, орыс деген сөз болмаған. Ол кезде біздің ата-бабаларымыздікі секілді атаулар болатын, Вятичи деген сияқты. Ресей, орыс деген сөз негізінде славян сөзі емес. Жабайы жерді немістер немесе Варяктар басқарған екен. Негізінде, жалған зерттеушісымақтар не үшін керек? Кім үшін керек?
Біз тарих туралы сөйлескен кезде жай біреулердің ойларымен емес, біз нақты дәлелмен айтуымыз керек. Ресейдің картасы 1525 жылы жасалған екен. Ал Қазақ хандығының ең алғашқы картасы еуропада бар. Картаны 1562 жылы шығарған. Яғни, айырмашылығы көп емес. Мұндай айырмашылық түк емес. Біздің мемлекеттігіміз негізінде біріншіден замандас, екіншіден екеуі де Алтын орданың ізбасары. Бірақ, Қазақ хандығы Алтын орданың нақты ізбасары болса, Ресей Алтын ордадан босатқаннан кейін жаңадан құрылған мемлекет деп айтуға болады. Бұл дегеніміз Смолиннің сөзі бос сөз, ешқандай тарихи дәлелі жоқ. Біздің тарихи дәлеліміз қолымызда. Бұлардың миы кеңестік кездегі, тоталитарлы идеологиясымен уланғаннан кейін олар басқа мемлекеттерді, басқа ұлттарды Ленин заманымен салыстырып отыр. Бірақ, Ленинге дейін де мың жыл бұрын көне түрік Қағанаттары бар болатын. Біздің тарихымызға, арғы аталарымызға тіл тигізуге болмайды.
Егер әрі қарай қазсақ, Дарвиннің зерттеуі бойынша адамдар маймылдан шыққан. Сонда маймыл кімнен шықты десек, онда не болады? Ал оған дейін де тіпті адамзат болмаған. Біздің жерімізде ешбір адам болмаған заман болды. Ондай әңгіме не керек? Біз қазір заманауи әңгімемен айналысуымыз керек. Әрбір халық, әрбір басшы өз елінің жағдайын ойлауы керек. Өз елін, өмірін жақсартуы керек. Көршілермен достықта болуы керек. Бүкіл адамзат өркениетпен бірге дамуы керек. Біз өзіміздің кім екенімізді жақсы білеміз. Ата-бабаларымызды жақсы білеміз, мақтан тұтамыз. Қазақ бұл дүниеге аспаннан, көктен түскен жоқ. Бұл жер біздің арғы ата-бабаларымыздан қалған мұра. Бұл ата-бабаларымыздан қалған заңды еліміз, заңды жеріміз. Сондықтан мұндай алаяқтыққа жол бермеуіміз керек. Оған аса мән де бермеу керек. Біздің қазіргі басты мақсатымыз – елдің жағдайын жақсарту. Жаңа технологияларға жол ашу, жаңа өмір сапасына қол жеткізу сияқты мақсаттарымыз бар.
- Тина Канделакидің де айтқаны есіңізде болар. Көршілес елден мұндай пропаганда не себепті көп болып кетті деп ойлайсыз? Қандай да бір себебі болуы мүмкін бе?
- Тина Канделакидің сөзі назар аударуға мүлдем келмейді. Бұл біздің деңгейіміз емес. Ол өзінің артын ойлағаны дұрыс. Көрші елде соңғы кезде үлгі-насихатқа ұқсайтын әңгімелер. Олар батыстағы елдермен ортақ тіл таппай жүр. Олар достық мемлекет болуға тырысып жүрген елдермен де ұрысқысы келетін сияқты. Бірақ бұл Ресей басшыларының, мемлекет қызметкерлерінің сөзі емес. Бұл санасы жетпейтін, надан адамның сөзі. Надандармен сөйлесіп, ұрысудың қажеті жоқ. Олар өз жолдарымен жүре берсін, біз өз жолымызбен жүре береміз. Біз қалай болмасын шекаралар мемлекеттермен достықта болуымыз керек. Ал мынандай шикі адамдармен не білімі жоқ, не мәдениеті жоқ адамдарға көп мән бермеу керек.
- Осылай пікір білдіретін жандарға ресми жауап беру қажет пе әлде оның қажеті жоқ деп ойлайсыз ба?
- Ресми түрде жауап беруге олар лайық емес. Сыртқы істер министрі Канделакиді енді елгі кіргізбейді, сол жетер. Смолин сияқты арандатушыларға біз жол бермеуіміз керек. Бірақ, парламенттік деңгейде, депутаттық деңгейде ресми ұйымдардың пікірімен санасуымыз керек. Ондай пікір білдіретін білімі де, мәдениеті де жоқ адамдар. Орыстарда “В семье не без урода” дейтін сөз бар. Қоғамда мұндай көзі соқыр, санасыз адамдар бола береді. Көрші елдің халқының саны – 140 миллион. Ондай да адамдар болатын шығар. Бұл жерде мен басқа нәрсеге назар аударатын едім. Бұлар қалай елдеріндегі мемлекеттік бағдарламаларға шығып оны айтып отыр? Осындай лайықсыз сөзге мүмкіндік беріп отырғандары күмән тудырады. Біз бұл сұрақты бұларға емес, осы телеарналарды басқаратын ресми ұйымдарға айтуымыз керек сияқты. Бұл сыртқы істер министрлігінің жұмысы.