Абай облысында терроризмді насихаттаған радикал ұсталды

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның қолғабыс етуімен Абай облысының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

«Ол терроризмді насихаттауда күдіктенуде, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы.Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер алынды.Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», — деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.