Қазақстандық шахматшы Магнус Карлсенді жеңді


Қазақ баласы Магнус Карлсенді жеңді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәл қазір Қатар астанасы Доха қаласында шахматтан рейтингтік турнир өтіп жатыр. Оның аясында қазақстандық Әлішер Сүлейменов норвегиялық Магнус Карлсенмен жолықты.

Айта кету керек, Магнус әлемдегі ең үздік шахматшы саналады. Қазір жалпы тізімнің бірінші сатысында тұр. Ал Әлішер 528-ші орында. Соған қарамастан тең дәрежеде өнер көрсетіп, тіпті жеңіске жетудің де амалын тапты. Спорт мамандары бұл нәтижеге сенсациялық жетістік деген баға беріп жатыр. Қазақстандық спортшы туралы көп ақпарат жоқ. Белгілісі, Павлодарда туып-өскен. Жасы 23-те және былтыр ғана шахмат олимпиадасында ұлттық құрама сапына қосылып, ел намысын қорғауға мүмкіндік алды.

Ал Дохадағы дода 9 кезеңге жалғасады және оның жалпы қорытындысы 20 қазанда белгілі болады.

Әлішер Сүлейменов, шахматтан ұлттық құрама мүшесі:

- Қазіргі эмоциямды сөзбен жеткізе алмаймын. Әлем чемпионын жеңгеніме әлі сене алмай тұрмын. Өйткені онымен тең түсудің өзі мен үшін жоғары нәтиже болатын. Бапкерім де осындай пікір білдірді. Өте керемет. Қуаншытымын.