
Абай облысында қарағай көшеттерін ұрлау фактісі тоқтатылды.
Абай облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өңірдің орман алқабын көгалдандыру мен қалпына келтіруге арналған қарағай көшеттерін ұрлау бойынша қылмыстық схеманы әшкереледі.
- Қылмыстық топтың құрамына жергілікті тұрғындар мен "Семей орманы" мемлекеттік табиғи резерватының бұрынғы қызметкерлері кірген.Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде Павлодар облысында 38 жастағы ұйымдастырушы мен оның сыбайластары ұсталды. Олардың барлығы қамауға алынды. 260 мыңнан астам көшет тәркіленді, олардың жалпы құны 500 миллион теңгеден асады, — деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Ішкі істер министрлігі еске салады: орман қорын заңсыз кесу, жою және ұрлау ел экологиясына орасан зор зиян келтіреді және одан да ауыр салдарға әкелуі мүмкін.
Сурет: Polisia.kz