2023 жылы Қазақстанда 89,9 млн тонна мұнай өндірілді. Энергетика министрлігі LS-ке қай елдер кен орындарын игеріп жатқанын айтты.
Министрліктің мәліметінше, өндірістің 33,1%-зы Қазақстанға тиесілі. Екінші орында – 30,9% көрсеткішпен АҚШ тұр. Одан кейін Еуропа елдері (18,4%), Қытай (11,4%), Ресей (3,5%) және басқалары.
Қара алтынның ең көп үлесі Атырау облысында өндірілді – 58,6%. Маңғыстау облысында – 18,5%, Батыс Қазақстан облысында – 13,65%. Бұдан кейін Ақтөбе облысы – 5,1%, Қызылорда облысы – 4,1%, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында – 0,05%.