"Алла басыма бір бала ғана болуды жазған шығар": Елуге тақағанда балалы болған танымал әнші бұрын-соңды еш жерде айтпаған құпиясымен бөлісті

Танымал әнші Өмірқұл Айниязов елуге тақағанда немерелі болып, жақында тіпті тағы да әке атанды.

Өнер иесі елге көпке бөліспеген құпиясын жария етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді.

"Алланың қалауы деген осы ғой, осыдан 3жыл бұрын ғана Нұртуғанды берген Аллаға шүкірлік етіп менде осы бір бала ғана болуды Алла басыма жазған шығар, ендігі жерде келін алып немере сүйерміз деп жүр едім. Алланың құдіретін қараңызшы Айсониді беріп артынан Айсұлтанды ерітті. Алладан күдер үзбейік", — деп жазды ол.

Желі қолданушылары әншінің отбасындағы қуанышқа ортақтасып, жылы тілектерін жаудырған. Олар: "Бауы берік болсын", "Керемет, осынша жасқа келіп балалы әрі немерелі болу да бақыт", "Аралары қанша жас сонда, үлкен ұл мен кешісінің арасында едәуір айырмашылық бар-ау" деп жазды олар.