Әнші Айдана Меденова жүкті сәтінен видео жариялап, желі қолданушыларын сүйсіндірді. |
Ол жақсы хабарды әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
"Жүрегімнің ішінде
Тағы бір жүрек соғып тұр.
Аллам мені сәбимен
Аман есен жолықтыр", — деп жазды ол.
Желі қолданушылары әншіні бұл жаңалығымен құттықтап, "аман-есен жаныңыз қалсын", "қандай әдемі көрініс", "аман-есен қолыңызға алуды бұйырсын", "әдемі аққу секілдісің", "сұлулардың сұлуы" деп жылы лебізін білдірді.
Айта кетейік, бұған дейін әнші Айдана Меденова не себепті өнерден кеткенін айтты.